TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



«Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні» жобасының таныстырылымы өтті
АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде аталмыш ведомство басшысының қатысуымен «Қазақтың музыкалық антологиясы «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні» жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жобаның басты мақсаты – түпнұсқалық орындаудағы қазақтың дәстүрлі музыкалық шығармаларын жинақтап, дайындау, жарыққа шығару барысында ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы ең ірі, теңдесі жоқ акцияны жүзеге асыру болып табылады. Игі бастаманы таныстыруға сондай-ақ қазақтың белгілі өнер қайраткерлері Ғалым Доскен, Сара Күзембаева, Талғат Мұқышев, Рамазан Стамғазиев, Біләл Ысқақов, Базархан Қосбасаров және БАҚ өкілдері қатысты.
«Қазақтың 5 мың күйі мен 10 мың әні бар деп айта бергеннен, олар бүгінгі ұрпақтың игілігіне айналмай отыр. Сондықтан оларды жинақтап, жүйелеу және оны халыққа ұсыну керек. Міне, осы мәселе төңірегінде ойлана келе, біз «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні» жобасына кірісейін деп отырмыз. Министрлік тарапынан жобаға Асқар Бөрібаев жетекшілік етеді», - деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Ведомство басшысының айтуынша, Қазақстанның жетекші музыкант мамандары, этнографтар, музыкалық зерттеушілер, әншілер мен продюсерлер қатыстырылатындықтан, бұл бастама үлкен жоба болайын деп отыр.
«Жоба барысында шетелдерге экспедициялар жасалып, ән мен күйлер жинақталады. Бұл үшін қаражат бөлінеді. Егер жобаның ынталы тобы мүшелерінің жинаған қоры бай, ән-күйлер саны көп болса, біз «1000 күй және 1000 әнмен» тоқталып қалмаймыз. Тағы бір айта кететін жайт, бұл жобаның бірнеше ерекшелігі бар. Біріншісі, аталмыш күйлер мен әндер CD таспаларына жазылады, ал екіншісі, партитура түрінде жарық көреді», - деп атап өтті ведомство басшысы.
 
  TKA 2008