TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Тәуелсіз Қазақстанның тарихын баяндайтын жаңа оқулық әзірленіп жатыр

АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтында баспаға шығаруға дайындалып жатқан

«Тәуелсіз Қазақстан тарихы» жаңа оқулығы мен хрестоматиясының жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналып дайындалып жатқан оқулық қазақ және орыс тілдерінде әзірленуде.
Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяғанның айтуынша, оқулықта Кеңес Үкіметі құлаған 1985-ші жылдан бастап тәуелсіз Қазақстанның 2009 жылға дейінгі тарихы баяндалған.
«Жаңа оқулыққа тек тарихи процестер ғана емес, сонымен қатар социалогиялық көзқарастар, саяси зерттеулер және жеке тұлғалардың еңбектері енгізілді. Кітап ескі оқулықтың орнын алмастырмайды, оның тек жалғасы болады»,

дейді ол.
Оқу құралының мазмұнында сонымен қатар, ҚР Президентінің ел халқына жыл сайынғы Жолдауы, елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының, ұялы байланыс пен интернеттің дамуы, Олимпиадаға қатысушылар мен жеңімпаздар, оралмандар проблемасы мен сыртқы саясаттың дамуы туралы мәліметтер, сондай-ақ мемлекет тарихы үшін аса маңызды басқа да деректер қамтылған.
Жаңа оқулықтың жобасын талқылауға танымал ғалымдар, ҚР Парламентінің депутаттары, Астанадағы бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Кітап ғалымдардың сүзгісінен өткеннен кейін қолданысқа алдағы оқу жылында енгізілуі мүмкін.

 
  TKA 2008