TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



«Қазақтың 100 романы» кітап боп шықпақ
АЛМАТЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазақтың 100 романы» кітап боп шығатын болды. Бұл жайлы бүгін Алматыда өткен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының кезекті пленумында белгілі болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жазушылар одағына кейінгі 2 жылда бюджеттен 180 миллион теңге қаражат бөлінді. Бұл кейінгі 18 жылдың ішінде бірінші рет болып отырған жағдай. Оны Елбасының сіздерге жасап отырған қамқорлығының бір белгісі деуге болады. Әйтпесе қоғамдық ұйым Конституция бойынша қаржыланбайды деп қарап отыруға да болатын еді. Жыл сайын бізде кітаптар шығаруға мол қаржы бөлінеді. Том-том болып шығып жатыр. Айтыңыздаршы Кеңес заманында ең мықты деген көп томдық Мұхтар Әуезовтың 20 томдығы мен Сәбит Мұқановтың 16 томдығы ғана еді. Бүгінде 15 томдығы шықпаған жазушының өзі аз деп айтуға болады. Мемлекет тарапынан мұндай шынайы қамқорлық жүріп жатқаны рас. Барды бар деп айту керек. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Елбасының өзі үздік шығармаларды оқып, өз қолымен хат жазып отырады. Ол баспасөзде жарияланады», - дейді Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Министрлік биыл «Жазушы» баспасымен бірігіп, «Қазақтың 100 романы» деген үлкен жобаға кірісейін деп отыр. Ол 300 томға дейін баруы мүмкін.
«Біздің үлкен кемшілігіміз, жақсы аударма жоқ. Әбдіжәміл Нұрпейісовтен басқа бірде-бір қазақтың жазушысы өз шығармасының орыс тіліне аударылуын құнттаған емес. М. Әуезовтің «Абай жолының» өзін өз дәрежесінде бір ай бұрын ғана аударып бітірдік. Сондықтан біз осы олқылықтың орнын толтыру үшін «Аударма» баспасымен «Орыс тіліндегі қазақ әдебиетінің кітапханасы» деген, кем дегенде 100 том болатын жаңа серияға кірісейік деп отырмыз. Бізде қазір ағылшын тілін білетін жаңа буын өсіп шықты. Қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде таныту үшін келесі жылы «Қазақ әдебиетінің ағылшын тіліндегі кітапханасы» деген тағы бір жобаға кірісейік деп отырмыз», - дейді Мұхтар Абрарұлы.
 
  TKA 2008