TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Үкімет басшысының тілге қатысты бастамасын қолдауымыз керек – Мәдениет және ақпарат министрі

AСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат - Еліміздегі минстрліктер мен ведомстволар Үкімет басшысының бастамасын қолдап, жиындар мен мәжілістерді мемлекеттік тілде жүргізуі керек.
Бұл туралы бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед министрліктің алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз мемлекеттік тілді қолдау ісін министрліктен бастауымыз керек. Кеше ғана өздеріңіз куә болдыңыздар, Үкімет мәжілісінде Премьер-Министр отырысты басынан аяғына дейін қазақ тілінде өткізді. Әріптестеріміздің барлығы шамалары келгенше, қазақша сөйледі.
Осы үрдіс алдағы уақытта да тап осы бағытта жалғасатын болады.
Біз бірте-бірте осыған үйренуіміз керек», деді министр.
Бұған қоса, биылғы жылдың халық санағы бойынша Қазақстанда қазақ халқының пайыздық көрсеткіші 67 пайызға жетіп отырғандығын атап өткен министр: «Біз халқымыздың өркендегендігінің белгісі ретінде - ана тілімізде сөйлеуді дәстүрге айналдыруымыз керек. Біз, әрине, өзге ұлт өкілдерінің жағдайын түсінеміз. Бірақ мемлекеттік тілге деген құрмет болуы қажет», деді М.Құл-Мұхаммед.

 
  TKA 2008