TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Қазақстаннан шетелдіктер асырап алған балалар саны 7 мың 500-ге жетті


АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ «Неке және отбасы туралы» заң қабылданғаннан бері шетелдіктер Қазақстаннан 7 мың 500 бала асырап алған.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» кодексі жобасының өзекті мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында Білім және ғылым министрлігі Балалар құқын қорғау комитетінің төрағасы Жұмажан Жүкенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шетелдіктердің Қазақстаннан асырап алған балалары саны жалпы республика бойынша асырап алынған балалардың 22,3 пайызын құрайды. Сонымен бірге, осы көрсеткіштің ішінде АҚШ азаматтары Қазақстаннан 6 мың 139 баланы, Испания – 437, Бельгия – 256, Ирландия 133 баланы асырап алған. Жалпы алып қарағанда, қазақстандық сәбилер жақын және алыс шетелдегі 30 мемлекеттің азаматтарына беріліп отыр. Сондай-ақ шетел азаматтарының елімізден бала асырап алуы 2004 жылмен салыстырғанда 24,4 пайызға төмендегені байқалады», -деді Ж. Жүкенов.
Оның айтуынша, 1999 жылдан бері қарай Қазақстан Республикасының азаматтарына 25 мың 785 бала отбасылық асырап алуға берілген. Ал бұның ішіндегі 418 бала шетелдік азамат болып табылатын сәбидің туыстарының тәрбиесіне алынған. «Өкінішке қарай, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы азаматтары тарапынан өздері асырап алған балалардан бас тартып отырған жағдайлар да кездеседі. Мәселен, осы уақытқа дейін өздері асырауға алып, кейіннен бас тартқан 182 оқиға тіркелді. Ата-аналардың балалардан бас тартуына негізгі себеп бала тәрбиесіне қатысты дайындықтың жоқтығынан, сондай-ақ қаржылық қосымша шығындардың болатындығынан туындап отыр. Сәбиді асырап алған көптеген қазақстандық отбасылар бұндай қадамға барардан бұрын жауапкершілік жайын көп ойланбайды», - деді Ж. Жүкенов.

 
  TKA 2008