TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Kиевте Олжас Сүлейменовтың украин тіліне аударылған «Тарихқа дейінгі түркілер» кітабының таныстырылымы өтті

ИЕВ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Киевте Қазақстан Елшілігі қазақтың танымал ақыны және жазушысы Олжас Сүлейменовтың украин тіліне аударылған «Тарихқа дейінгі түркілер» кітабының таныстырылымын өткізді, деп хабарлады ҚазАқпаратқа елшіліктің баспасөз қызметінен.
Шараға Украинаның зиялы қауым өкілдері, саяси, қоғамдық, іскерлік топтар мен дипломатиялық корпус өкілдері, қазақстандық өкілдіктердің басшылары мен қазақ диаспорасы қатысты.
Қазақстанның Украинадағы және Молдовадағы Елшісі Амангелді Жұмабаев жиналған қауымды Семей ядролық полигонын жабу ісіне негізгі үлес қосқан «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын құрған О.Сүлейменовтың қоғамдық-саяси қызметімен таныстырып өтті. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қоюы әлемдегі басқа да ядролық полигондардың - Жаңа жердегі (Ресей), Невада (АҚШ), Муруроа аралында (Франция), Лобнор көлінде (Қытай) полигондардың жабылуына, сондай-ақ ядролық сынақтарға мораторий енгізуге түрткі болды.
Олжас Сүлейменовтың әдеби шығармашылығына тоқталған Елші, «Тарихқа дейінгі түркілер» зерттеуі үшін автордың «Түркология саласындағы айтулы жетістіктері үшін» Күлтегін атындағы түрік сыйлығының бірінші лауреаты атанғанын, сондай-ақ өз еңбектерінің қорытындысы бойынша «Түркі әлеміне қосқан үлесі үшін» халықаралық сыйлығына лайық деп танылғанын атап көрсетті.     О.Сүлейменов өз сөзінде, осымен украин тіліне аударылған екінші кітабының таныстырылымына қатысып отырғанын атап көрсетті. Украин аударма мектебінің әлемге танымал екеніне тоқталған ол, Хэмингуэйдің толық шығармашылық жинағының АҚШ-та шықпай тұрып, 1985 жылы алдымен украин тілінде жарық көргенін мысал ретінде келтірді. «Украина және әлем саясатындағы бүгінгі қиын жағдайға қарамастан, аударма саласы үздік дәстүрлерінің әлі де жалғасын тауып отырғаны қуантады», - деді О. Сүлейменов.

 
  TKA 2008