TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Алматыда «Өркениеттер диалогындағы түркі әлемінің рөлі» деп аталатын халықаралық симпозиум өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Алматыда наурыздың 28-29 күндері «Өркениеттер диалогындағы түркі әлемінің рөлі» деп аталатын халықаралық симпозиум өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында өтетін бұл шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Мәдени саясат және өнертану институты бірігіп ұйымдастырып отыр. Мақсат - түркітілдес халықтардың мәдени мұрасын зерттей отырып, елдердің бірлігін арттырып, өзара қарым-қатынасын нығайту. Түркі халықтарының этногенезі, тарихы мен өнерін зерделеу саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту. Түркі мәдениетінің төл тарихы, ана тілі, тума өнері мен салт-дәстүрлерін насихаттау. Түркі елдерінің мәдени құндылықтарын зерттеу, қамқорлыққа алу және оларды әлемдік ауқымда түсіндіру. Бұл алқалы жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Түркия және Ресей елдерінің мәдениеттанушылары, саясаттанушылары, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері қатыспақ. Екі күндік бұл симпозиумның қорытындысында «Алматы бастамасы» деп аталатын арнайы декларация қабылданады деп жоспарланып отыр.
 
  TKA 2008