TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Еліміздің алты саяси партиясы Әлеуметтік және саяситұрақтылықты қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат  - Бүгін Астанада алты саяси партия: «Нұр Отан» ХДП, «Ауыл», Қазақстанның Коммунисттік халықтық партиясы мен Қазақстанның патриоттар партиясы, «Руханият» және «Әділет» партиялары экономикалық дағдарыс жағдайларында Әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы өзара меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр Отан» ХДП-сы Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаевтың атап көрсеткеніндей, бүгінгі рәсімге қатыспаған «Ақжол», Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясы мен «Азат» сияқты саяси күштер аталмыш Меморандумға қосылатындықтарына келісім берген.
Құжатқа сәйкес еліміздегі түрлі саяси көзқарастардың сантүрлілігіне байланысты елдегі саяси-экономикалық тұрақтылықты сақтау бағытында партиялардың өзара күш біріктіруі келісілген. Конституция мен ҚР Занамаларына теріс іс-қимылдар мен саяси белсенділіктің жолын болдырмау, елдегі бейбіт өмірді және қоғамдық келісімді сақтауға уағдаластық жасалды.
«Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратының хатшысы Ерлан Қариннің айтуынша, Меморандумды партия басшылары бірауыздан қолдап өз ұсыныстарын қосып, құжатты жетілдіруге атсалысты. Партиялар, саяси күштер бүгінгі дағдарыс жағдайында ауызбіршілікті қалайды», -деп атап көрсетті Е.Қарин.

 
  TKA 2008