TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Парламент Наурыз мейрамын үш күн бойы мерекелеу жөніндегі заңды қабылдады

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР мерекелер туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңын қабылдады.Аталған заң бойынша Наурыз мейрамын мерекелеу үш күнге ұзартылып, Республика күні Мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылады, ал Конституция күні мен Тәуелсіздік күніне ұлттық мереке мәртебесі беріледі.
Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң бойынша қолданыстағы заңнаманың – Наурыз мейрамын мерекелеу мерзімін ұлғайту бөлігіне, атап айтқанда бұрын қолданылып келген наурыздың 22-сі бір күннің орнына наурыздың 21-інен бастап наурыздың 23-іне дейін мерекелеу жөніндегі өзгеріс енгізіледі.
Сондай-ақ құжатты талқылау барысында Мәжіліс депутаттары өзгерістер енгізген болатын, соған сәйкес тамыздың 30-ы - Конституция күні мемлекеттік мерекесі Ұлттық мереке болып жарияланады. Сондай-ақ Тәуелсіздік күні болып табылатын желтоқсанның 16-сына Ұлттық мерекемен қоса мемлекеттік мереке мәртебесі беріледі. Ал қазанның 25-і - Республика күні мемлекеттік мереке мәртебесі күшінен айырылады. «Заңда Наурыз мерекесін тойлауды үш күнге ұзарту көзделеді. Ол аталған мейрамның мәртебесін одан әрі арттыру болып табылады. Мерекенің бұлай ұзартылуы мерекелік іс-шаралардың рөлін нығайтуға, мәдени өмірге азаматтардың көптеп қатысуына септігін тигізеді. Сонымен қатар бүгінгі дағдарыс жағдайында бұл заңды қабылдау жұртшылық өміріне имандылық қасиетін арттыруға жағдай жасайды», - деді заң бойынша баяндама жасаған сенатор Орынбай Рахманбердиев.
Жалпы, заңның мақсаты тарихи тұрғыдан көктемгі жаңару мерекесі ретінде қалыптасқан және өмір мен ұрпақтар сабақтастығы символын білдіретін Наурыз мейрамы мерекесіне маңыздылық сипат беру болып табылады. Оны жаңа форматта тойлау Қазақстан халқының достығы мен туысқандығын нығайтуға, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерін қайта жаңғыртуға септігін тигізеді.

 
  TKA 2008