TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Сәуір айында Астанадан Амманға және Меккеге «Нұрлы жол» жаяу жорығы аттанады

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат – Сәуір айында Астанадан Амманға және Меккеге тарихтағы алғашқы «Нұрлы жол» жаяу жорығы аттанады. Ұзындығы 7007 шақырымды құрайтын және 200-ден астам тәулікке созылатын бейбітшілік пен келісім шеруі 2009 жылы Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІІ съезіне орайластырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл сапардың мемлекеттік кепілгері - ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Сапар 7 елдің аумағы арқылы: Қазақстан - Өзбекстан - Иран - Түркия –Сирия – Иордан Хашимиттер Корольділігі - Сауд Арабиясы бағыты бойынша өтеді. Жиһанкездер сәуірдің 17- сінде Астанадан Шымкентке автобуспен аттанады да, ал Шым қаладан әрі қарай жорықтарын жаяу жалғастырады.
Сапар барысында Қазақстан туралы фотокөрмелер ұйымдастырылады, жергілікті телеарналар арқылы біздің республикамыз туралы фильмдер көрсетіледі. 11 қалада «Бейбітшілік және келісім» шаралары өткізіледі, олардың аясында жұртшылықпен кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары, қайырымдылық түскі астар, қасиетті жерлерге зиярат ету қарастырылған. Сапар директоры Руслан Абдуллиннің айтуынша, «марш ешқандай саяси және діни ұрансыз өтеді. Оның басты мақсаты - Қазақстанның тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін және жетістіктерін кеңінен таныстыру».

Säw³r ayında Astanadan Ammanğa jäne Mekkege «Nurlı jol» jayaw jorığı attanadı

ASTANA. Nawrızdıñ 4-³. QazAqparat – Säw³r ayında Astanadan Ammanğa jäne Mekkege tarïxtağı alğaşqı «Nurlı jol» jayaw jorığı attanadı. Uzındığı 7007 şaqırımdı quraytın jäne 200-den astam täwl³kke sozılatın beyb³tş³l³k pen kel³s³m şerw³ 2009 jılı Astanada ötet³n Älemd³k jäne dästürl³ d³nder jetekş³ler³n³ñ ²²² sez³ne oraylastırıladı, dep xabarlaydı QazAqparat QR Twrïzm jäne sport mïnïstrl³g³n³ñ baspasöz qızmet³ne s³lteme jasap.
Bul sapardıñ memlekett³k kep³lger³ - QR Twrïzm jäne sport mïnïstrl³g³.
Sapar 7 eld³ñ awmağı arqılı: Qazaqstan - Özbekstan - Ïran - Türkïya –Sïrïya – Ïordan Xaşïmïtter Korold³l³g³ - Sawd Arabïyası bağıtı boyınşa öted³. Jïhankezder säw³rd³ñ 17- s³nde Astanadan Şımkentke avtobwspen attanadı da, al Şım qaladan är³ qaray jorıqtarın jayaw jalğastıradı.
Sapar barısında Qazaqstan twralı fotokörmeler uyımdastırıladı, jerg³l³kt³ telearnalar arqılı b³zd³ñ respwblïkamız twralı fïlmder körset³led³. 11 qalada «Beyb³tş³l³k jäne kel³s³m» şaraları ötk³z³led³, olardıñ ayasında jurtşılıqpen kezdeswler, «döñgelek üstel» otırıstarı, qayırımdılıq tüsk³ astar, qasïett³ jerlerge zïyarat etw qarastırılğan. Sapar dïrektorı Rwslan Abdwllïnn³ñ aytwınşa, «marş eşqanday sayasï jäne d³nï uransız öted³. Onıñ bastı maqsatı - Qazaqstannıñ tarïxın, mädenïet³n, salt-dästür³n jäne jet³st³kter³n keñ³nen tanıstırw».

 
  TKA 2008