TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Елбасы Ұлттық халық санағының басталуына орай үндеу жасады

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат Қазақстанда Ұлттық халық санағының басталуына байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған үндеуінің мәтінін ұсынады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлттық халық санағының басталуына орай үндеуі

Құрметті отандастар!

Ертең елімізде Ұлттық халық санағы басталады. Бұл акция Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері екінші рет өткізіліп отыр.
Өткен санақтан бері он жыл өтті. Өмір өзгерді. Жағдай өзгерді. Халық өзгерді. Бұл сондықтан еліміз үшін аса жауапты, әрі маңызды іс-шара болып табылады.
Бүгінгідей жаңа технология дами түсіп, ғылыми әлеует алдыңғы қатарға шыққан уақытта, әрбір мемлекет ең әуелі адам ресурсымен ерекшеленеді.
Адам ресурсы дегеніміз, ол – сіз бен біздер, Қазақстанның азаматтары. Ол – қоғамның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі.
Кез-келген мемлекеттің экономикалық өсімі - халықтың санына, білімі, мәдениеті мен өмір сүру деңгейі және өзге де өлшемдер бойынша көрсеткіштерге тікелей байланысты болады.
Бүгінде әлемді алаңдатып отырған мынау қаржы дағдарысы, екінші жағынан алып қарағанда, жаңаланудың, жаңғырудың басы болады.
Экономиканың барлық салалары жаңа сатыға көтерілуге дайындықта. Дағдарыстан соң келетін мұндай өсу кезеңіне сай әр адамның жеке дайындығы болуы тиіс. Адам жаңармай, адам сауатты болмай, біз экономиканы жаңа сатыға көтере алмаймыз. Барлық елдер жаңғыруға ұмтылып жатқан уақытта, біз артта қалмауымыз керек.
Бұл орайда, тәуелсіздік жылдары біздің еліміздің қол жеткізген жетістіктері аз емес. Жаңаша өмір сүруде, жаңа сауатты ұрпақ тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Республика тұрғындарының жалақысы бұдан он жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, бес есеге дейін өсті.
Қазақстан білім дамуының индексі бойынша Азия өңірінде бірінші орынға көтерілген болса, азаматтардың сауаттылығы деңгейі бойынша 177 елдің арасында 14 орынға ие. Бұдан халқымыздың сан жағынан да, сапа жағынан да жаңа деңгейге көтерілгенін көріп отырмыз.
Осындай жері бай, елі қазыналы, қызыр қонып, құт дарыған мекеннің иесі – сіздер мен біздер боламыз, қазақстандықтар. Сондықтан да халқымыздың өсіп-өркендеуі, мемлекетіміздің нығаюы – баршамыз үшін ең маңызды міндет.

Құрметті отандастарым!

Еліміздің өсіп-өркендеуі мақсатында, болашақты болжап, стратегиялық бағыттарымызды тағы да айқындай түсу үшін, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін, мемлекетке ел, жер, экономика, әлеуметтік жағдай жөнінде нақты мәліметтер қажет.
Жалпы, елімізде алғашқы халық санағы өткен уақыттан бері әрбір жанұяда болсын, экономикамызда болсын, елеулі өзгерістер болғаны өздеріңізге аян. Осының бәрін тағы да айқындап алу үшін халықтың жаңа санағын өткізуге бел буып отырмыз.
Қадірлі отандастар, сіздерді Ұлттық халық санағына әрқайсыңызды Қазақстанның азаматы ретінде белсене қатысуға және оны ұйымшылдықпен өткізуге шақырамын!

 
  TKA 2008