TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Алматыда 2011 жылғы YII Азия ойындары эмблемасының тұсаукесері өтті
АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда «Азиадаға дейін екі жыл» ұранымен өткен баспасөз мәслихатында 2011 жылы Астана мен Алматыда өтетін VII Азия ойындары эмблемасының ресми тұсаукесері болды. Ол көгілдір-қызыл түсті қар ұшқынына ұқсайды (мұз бен жарыс рухы жалыны), сондай-ақ уақытты көзге елестететін көшпелілер арбасының доңғалағы – үздіксіз қозғалыс символы бейнелейді. Эмблеманың үстіңгі оң жақ қабатында – жарқыраған күн бейнесі – барлық спортшылардың ынтымақтастығын білдіреді. Төрт түс үлгісі бекітілді: алтын, жақұт, лағыл және зүбәржат. Азиаданың кез келген баспасөз және сандық тасылым құралдарына салынатын логотипі жасалды және бекітілді. Баспасөз мәслихатында стендтер, баннерлер және жалаушалардың барлық бекітілген нұсқалары көрсетілді. Логотипті жасау жұмысы екі жылға созылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыдағы Азиада-2011 дирекциясының жетекшісі Сұлтан Шоқпытовтың сөзіне қарағанда, «Медеу» спорт кешені мен «Шымбұлақ» демалыс орнын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс 2011 жылға қарай аяқталады деп жоспарлануда.
Азия ойындарын өткізу үшін, Алматы іргесіндегі тау шатқалында жоспарланғандай - озық үлгідегі трамплин, шаңғы-биатлон стадионы, сондай-ақ Талғарға жақын жерден олимпиада ауылы салынады. Балуан шолақ атындағы спорт сарайын қайта жөндеу жұмыстары ұзаққа созылмайды, - деп атап өтті, ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті Павел Новиков.
Сондай-ақ П.Новиков ойдағыдай өнер көрсетуге қазақстандықтардың мүмкіндігі зор екендігіне тоқталды. Алдын ала болжамдарға қарағанда біз 25 медальға қол жеткізуге тиіспіз. Қалаға барлығы 1 мыңнан астам спортшы келеді деп күтіледі.
 
  TKA 2008