TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



700 жыл бұрын Орталық Азиядан әкелінген Құран Қытайдың мәдени мұраларының тізіміне енгізіледі
БЕЙЖІҢ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Қытайдың Ескі қолжазбалар мен кітаптарды қорғау жөніндегі мемлекеттік орталығы елдегі Құранның байырғы қолжазбасын елдің мәдени мұраларының арнайы тізіміне қосу туралы Синин (Цинхай провинциясының әкімшілік орталығы) қаласының өтінішін қарауға кірісті.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл тарауға тарихи және мәдени тұрғыдан құнды саналатын 1912 жылға дейін шыққан қолжазба және баспа өнімдері енгізіледі. Ал айтылып отырған араб тіліндегі екі томдық Құран кітабы Цинхай провинциясының Сюньхуа-Салар автономиялық уезіндегі «Цзецзы» мешітінде сақталып отыр. Уездің атауы, ата-бабалары осыдан 700 жыл бұрын Цинхай-Тибет таулы ауданына қоныс аударған сүнниттік мәндегі исламды ұстанатын түркітілдес салар халқының атымен аталады.
 
  TKA 2008