TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Elbası Jarlığımen Qazaqstan Respwblïkasınıñ «Sırbar» sırtqı barlaw qızmet³ qurıldı (Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі құрылды)

ASTANA. Aqpannıñ 17-s³. QazAqparat – Elbası Nursultan Nazarbaev «Qazaqstan Respwblïkasınıñ ulttıq qaw³ps³zd³g³n nığaytw jäne barlaw qızmet³n odan är³ jet³ld³rw jön³ndeg³ şaralar twralı» Jarlıqqa qol qoydı, dep xabarlaydı QazAqparat Memleket basşısınıñ baspasöz qızmet³ne s³lteme jasap.
Osı akt³ge säykes, 2007-2012 jıldarğa arnalğan Qazaqstan Respwblïkası ulttıq qaw³ps³zd³k strategïyasınıñ neg³zg³ erejeler³n ³ske asırw, Qazaqstan Respwblïkasınıñ ulttıq qaw³ps³zd³g³n nığaytw jäne arnayı qızmetter³n³ñ qurılımın oñtaylandırw maqsatında, Qazaqstan Respwblïkasınıñ Prezïdent³ne t³keley bağınatın jäne esep beret³n memlekett³k organ ret³nde Qazaqstan Respwblïkasınıñ «Sırbar» Sırtqı barlaw qızmet³ qurıldı.
Osı Jarlıqpen Qazaqstan Respwblïkası Ulttıq qaw³ps³zd³k komïtet³n³ñ «Barlaw» qızmet³ taratıldı.
Qazaqstan Respwblïkasınıñ Ük³met³ne «Sırbar» qızmet³n materïaldıq-texnïkalıq, qarjılıq jağınan qamtamasız etw jäne üş ay merz³mde müddel³ memlekett³k organdarmen b³rlese otırıp, «Sırtqı barlaw twralı» jäne «Qazaqstan Respwblïkasınıñ keyb³r zañnamalıq akt³ler³ne ulttıq qaw³ps³zd³k mäseleler³ boyınşa özger³ster men tolıqtırwlar eng³zw twralı» Qazaqstan Respwblïkası zañdarınıñ jobaların äz³rlep, Qazaqstan Respwblïkası Parlament³ Mäj³l³s³n³ñ qarawına eng³zw jükteld³.

Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі құрылды

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы актіге сәйкес, 2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі ережелерін іске асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және арнайы қызметтерінің құрылымын оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі құрылды.
Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі таратылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Сырбар» қызметін материалдық-техникалық, қаржылық жағынан қамтамасыз ету және үш ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Сыртқы барлау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу жүктелді.

 
  TKA 2008