TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Varşavada EQIU-ğa qazaqstandıq törağalıq üş³n trenïng öted³

VARŞAVA. Aqpannıñ 16-sı. QazAqparat – Qazaqstannıñ 2010 jılı Ewropadağı qaw³ps³zd³k pen ıntımaqtastıq uyımına törağalıq etwge äz³rl³g³ awqımında EQIU-nıñ üş özekt³ ölşem³ boyınşa b³l³kt³ dïplomattar men sarapşılar dayarlawdıñ mañızı zor. Uyım qızmet³n³ñ bastı bağıttarınıñ b³r³ - EQIU-nıñ Demokratïyalıq ïnstïtwttar jäne adam quqığı boyınşa byurosınıñ mandatımen jüzege asırılatın adamï ölşemder bolmaq.
Osığan baylanıstı 2009 jılğı aqpannıñ 18-men 20-sı aralığında Varşavada alğaşqı mamandandırılğan trenïng – EQIU Demokratïyalıq ïnstïtwttar jäne adam quqığı byurosı mamandarınıñ qazaqstandıq törağalıq ök³lder³ üş³n jasağan gwmanïtarlıq taqırıptağı semïnarı öted³, dep xabarlaydı QazAqparat Qazaqstannıñ Polşadağı Elş³l³g³n³ñ baspasöz qızmet³ne s³lteme jasap.
Trenïng barısında qatıswşılar Uyım qızmet³n³ñ bastı bağıttarın oqıp üyrened³. Atap aytqanda, töz³md³l³k jäne näs³lş³ld³kpen küres, zañnıñ üstemd³g³, adam quqığı, genderl³k problemalar, demokratïyalıq basqarw, saylawlardı ötk³zw jäne basqa taqırıptarda egjey-tegjeyl³ tanıstırılımdar öted³.
Munda alğan b³l³mder 2010 jılı Uyımdı basqarw awqımında, sonday-aq künbe-küng³ jumısta paydalanıladı. Trenïng jumısına QR Sırtqı ³ster, Mädenïet jäne aqparat mïnïstrl³kter³n³ñ, Ortalıq saylaw komïssïyasınıñ jäne Bas prokwratwranıñ ök³lder³ qatısadı.

Варшавада ЕҚЫҰ-ға қазақстандық төрағалық үшін тренинг өтеді

ВАРШАВА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат – Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге әзірлігі ауқымында ЕҚЫҰ-ның үш өзекті өлшемі бойынша білікті дипломаттар мен сарапшылар даярлаудың маңызы зор. Ұйым қызметінің басты бағыттарының бірі - ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқығы бойынша бюросының мандатымен жүзеге асырылатын адами өлшемдер болмақ.
Осыған байланысты 2009 жылғы ақпанның 18-мен 20-сы аралығында Варшавада алғашқы мамандандырылған тренинг – ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы бюросы мамандарының қазақстандық төрағалық өкілдері үшін жасаған гуманитарлық тақырыптағы семинары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тренинг барысында қатысушылар Ұйым қызметінің басты бағыттарын оқып үйренеді. Атап айтқанда, төзімділік және нәсілшілдікпен күрес, заңның үстемдігі, адам құқығы, гендерлік проблемалар, демократиялық басқару, сайлауларды өткізу және басқа тақырыптарда егжей-тегжейлі таныстырылымдар өтеді.
Мұнда алған білімдер 2010 жылы Ұйымды басқару ауқымында, сондай-ақ күнбе-күнгі жұмыста пайдаланылады. Тренинг жұмысына ҚР Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, Орталық сайлау комиссиясының және Бас прокуратураның өкілдері қатысады.

 
  TKA 2008