TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Елбасы халықтың құқықтары мен заңдық мүдделерінің бұзылуына жол бермеуді жүктеді

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Ақордада өткен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қазіргі жағдайда халықтың құқықтары мен заңдық мүдделерінің бұзылуына жол бермеуді тапсырды.
Бұл туралы бүгін отырыстан кейінгі брифингте ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайырбек Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің жоспарлы кезекті отырысы болды. Онда еліміздің 2012 жылға дейінгі Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының орындалу барысы туралы мәселе қаралды. Негізінен Ұлттық қауіпсіздіктің экономикалық аспектісі талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне еңбеккерлердің, халықтың, ең алдымен аз қамтылғандардың, зейнеткерлердің, студенттердің құқықтары мен заңдық мүдделерінің бұзылуына жол бермеу туралы нақты тапсырмалар берілді», деді брифингте Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ. Сүлейменов.
Прокуратураға құқық қорғау функциясын күшейту тапсырылды деп нақтылады сөзін Қ. Сүлейменов. Оның айтуынша, отырыста Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко баяндама жасап, стратегияның қалай орындалып жатқаны жайлы есеп берген.

 
  TKA 2008