TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Мемлекеттік тілді меңгеруге арналған «Мәртебелі сөз» оқу-әдістемелік кешені әзірленді

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат  - Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Тіл комитетінде ресми қазақ тілін меңгеруге арналған «Мәртебелі сөз» оқу-әдістемелік кешенінің таныстырылымы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған аталған тілдік курста қазақ тіліндегі электронды жаттығулар мен тестік тапсырмалар, сондай-ақ ресми сөздіктің нұсқасы қамтылған. «Мәртебелі сөз» оқу-әдістемелік кешені ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамыту жөніндегі республикалық үйлестіруші-әдістемелік орталықта әзірленген.

 
  TKA 2008