TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Қазақстан ғылымы туралы жаңа энциклопедия шығады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС биыл 10 томдық Қазақстан ұлтық энциклопедиясын интернет желісіне кіргізуді бастамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Энциклопедиясыз мемлекет - мемлекет емес деген жақсы қағида бар. Қазақ энциклопедиясын әлемдік ақпарат кеңістігіне шығару үшін биылдан бастап интернет желісіндегі баспа өнімдерінің цифрлық нұсқасы жасалады. Оны 1998-2007 жылдардың аралығында жарық көрген Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан бастамақпыз. Биыл сондай-ақ, өткен жылы алғашқы томдары жарық көрген «Қазақстан табиғаты» мен «Балалар энциклопедияларының» 2-ші томдары және «Қазақстан ғылымы» энциклопедиясының алғашқы томы жарық көреді», дейді «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің жаңадан тағайындалған бас директоры Бауыржан Жақып.
Оның айтуынша, 1967 жылы қалыптасқан және қазіргі таңда дамудың сара жолына түскен Қазақ энциклопедиясы ұжымының алдына жаңа бір бетбұрысты кезең келді. Сол себепті алдағы уақыта енді салалық және белгілі бір тұлғалар туралы энциклопедиялар мен сөздіктерді шығаруға ерекше мән берілмек.

 
  TKA 2008