TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Kazakistan
Елбасы халықтың құқықтары мен заңдық мүдделерінің бұзылуына жол бермеуді жүктеді

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Ақордада өткен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қазіргі жағдайда халықтың құқықтары мен заңдық мүдделерінің бұзылуына жол бермеуді тапсырды.
Бұл туралы бүгін отырыстан кейінгі брифингте ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайырбек Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің жоспарлы кезекті отырысы болды. Онда еліміздің 2012 жылға дейінгі Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының орындалу барысы туралы мәселе қаралды. Негізінен Ұлттық қауіпсіздіктің экономикалық аспектісі талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне еңбеккерлердің, халықтың, ең алдымен аз қамтылғандардың, зейнеткерлердің, студенттердің құқықтары мен заңдық мүдделерінің бұзылуына жол бермеу туралы нақты тапсырмалар берілді», деді брифингте Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ. Сүлейменов.
Прокуратураға құқық қорғау функциясын күшейту тапсырылды деп нақтылады сөзін Қ. Сүлейменов. Оның айтуынша, отырыста Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко баяндама жасап, стратегияның қалай орындалып жатқаны жайлы есеп берген.

 
«Сырдария кітапханасы» сериясымен 92 кітап жарыққа шықты

АЛМАТЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда ҰР Ұлттық кітапхана ғимаратында «Сырдария кітапханасы» сериясы бойынша шыққан 92 кітап «Сырдария кітапханасы – Сыр елінің жауһары» атты кітап көрмесінің аясында таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қызылорда әкімшілігінің бастамасымен 200 томдықтың жарыққа шығуы қолға алынған болатын. Бүгінгі ұйымдастырылған көрме осы бастаманың алғашқы нәтижелері. Қалған 108 кітапты шығару жұмысы алдағы уақытта жалғасын таппақ.
«Сырдария кітапханасы» сериясымен шыққан кітаптардың бастауы - «Қорқыт ата кітабын» белгілі ғалым Әуелбек Қоңыратбаев тәржімалаған. Сонымен қатар бүкіл шығыс халықтарының ортақ мұрасы болып саналатын Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани-Хикметінің» аудармасы 8 том болып жарық көрді. Ал «Мың бір түн» дастаны Қалтай Мұхамеджановтың аудармасымен шықты.
Орта ғасырда өмір сүрген жазушы Насреддин Рабғұзидің «Қисас-ул-Әнбия» атты кітабы араб тілінен аударылып шығарылды, бұнда пайғамбарлардың өмірі мен бастан кешкен оқиғалары айтылады.
Осы серияға Сыр сүлейлерінің, ақын-жырауларының өсиеттері, толғаулары, пәлсапалық мәнді назымдары, арнаулары, жыр-дастандары кірген. Сондай-ақ, «Сырдария кітапханасы» сериясының ішінде Әбділда Тәжібаев, Асқар Тоқмағамбетов, Зейнолла Шүкіров секілді кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің көрнекті ақындарының кітаптары ерекше орын алады.
Кітаптардың тұсаукесер рәсіміне белгілі ақын Ш. Сариев және жазушы О. Сәрсенбаев арнайы қатысып, өздерінің жарық көрген кітаптары жайында ой-пікірлерімен бөлісті.

«Sırdarïya k³tapxanası» serïyasımen 92 k³tap jarıqqa şıqtı
ALMATI. Aqpannıñ 11-³. QazAqparat /Ernar Beken/ – Büg³n Almatıda UR Ulttıq k³tapxana ğïmaratında «Sırdarïya k³tapxanası» serïyası boyınşa şıqqan 92 k³tap «Sırdarïya k³tapxanası – Sır el³n³ñ jawharı» attı k³tap körmes³n³ñ ayasında tanıstırıldı, dep xabarlaydı QazAqparat.
Buğan dey³n «Mädenï mura» memlekett³k bağdarlamasın ³ske asırw maqsatında Qızılorda äk³mş³l³g³n³ñ bastamasımen 200 tomdıqtıñ jarıqqa şığwı qolğa alınğan bolatın. Büg³ng³ uyımdastırılğan körme osı bastamanıñ alğaşqı nätïjeler³. Qalğan 108 k³taptı şığarw jumısı aldağı waqıtta jalğasın tappaq.
«Sırdarïya k³tapxanası» serïyasımen şıqqan k³taptardıñ bastawı - «Qorqıt ata k³tabın» belg³l³ ğalım Äwelbek Qoñıratbaev tärj³malağan. Sonımen qatar bük³l şığıs xalıqtarınıñ ortaq murası bolıp sanalatın Qoja Axmet Yasawïd³ñ «Dïwanï-Xïkmet³n³ñ» awdarması 8 tom bolıp jarıq körd³. Al «Mıñ b³r tün» dastanı Qaltay Muxamedjanovtıñ awdarmasımen şıqtı.
Orta ğasırda öm³r sürgen jazwşı Nasreddïn Rabğuzïd³ñ «Qïsas-wl-Änbïya» attı k³tabı arab t³l³nen awdarılıp şığarıldı, bunda payğambarlardıñ öm³r³ men bastan keşken oqïğaları aytıladı.
Osı serïyağa Sır süleyler³n³ñ, aqın-jırawlarınıñ ösïetter³, tolğawları, pälsapalıq mänd³ nazımdarı, arnawları, jır-dastandarı k³rgen. Sonday-aq, «Sırdarïya k³tapxanası» serïyasınıñ ³ş³nde Äbd³lda Täj³baev, Asqar Toqmağambetov, Zeynolla Şük³rov sek³ld³ keñes däw³r³ndeg³ qazaq ädebïet³n³ñ körnekt³ aqındarınıñ k³taptarı erekşe orın aladı.
K³taptardıñ tusawkeser räs³m³ne belg³l³ aqın Ş. Sarïev jäne jazwşı O. Särsenbaev arnayı qatısıp, özder³n³ñ jarıq körgen k³taptarı jayında oy-p³k³rler³men böl³st³. Bul k³taptar QR Ulttıq k³tapxana qorına sıyğa tartıldı.Бұл кітаптар ҚР Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартылды.

 
«Қазақ әдебиетінің антологиясы» атты он томдық еңбек жарыққа шықпақ
АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Биыл «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 10 жылдық мерейтойы мен Қазақстан Жазушылар одағының, оған қарасты «Қазақ әдебиеті» газетінің, «Жұлдыз», «Простор» журналдарының 75 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп отыр.
Осыған орай, партияның қаржылай қолдауымен «Қазақ әдебиетінің антологиясы» атты он томдық еңбек жарыққа шықпақ. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жинаққа қазақ әдебиетінің жауһар туындылары, соның ішінде ХХ ғасырдағы алыптарымыздан бастап, бүгінге дейінгі көрнекті қаламгерлердің таңдамалы шығармалары енгізілмек», - деді партияның ресми өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев Қазақстан Жазушылар одағында болып, аталмыш одақтың басқарма мүшелерімен кездесу өткізді. Басқосу барысында «Нұр Отан» партиясы мен Жазушылар одағының арасында бірлескен іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.
 
Зорлық-зомбылық мәселелеріне арналған деректі фильм түсірілді
АЛМАТЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Орталық Азия елдеріндегі зорлық-зомбылық мәселелеріне арналған фильмнің тұсаукесері болды. Бұл «Орталық Азиядағы азаптау әрекеттерінің жолын кесу» жобасын қорытындылау кезінде көрсетілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еуропалық Комиссия ұйымдастырған жоба Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерін қамтыған болатын. Аталмыш іс-шарада соңғы екі жыл ішінде жазықсыз азаптауды болдырмау мақсатында іске асқан жұмыстар, зорлық-зомбылықты жою бағытында мемлекеттік органдар мен құқық қорғаушылардың біріккен іс-әрекеттері, осы салада қалам тартқан журналистердің еңбектері туралы баян етілді.
Осы жоба аясында аймақтағы зорлық-зомбылық мәселесін қозғайтын деректі фильм түсірілді. Онда билік өкілдерінен жазықсыз қысым көрген, түрлі зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамдардың, осындай келеңсіз жайттардың куәсі болған жандардың әңгімелері бар. Сондай-ақ фильмде осындай оқиғаға душар болған жағдайда қандай әрекеттер жасау қажеттігінен хабардар ететін мамандардың ақыл-кеңестері беріледі.
«Орталық Азиядағы азаптау әрекеттерінің жолын кесу» жобасының аясында Орталық Азия журналистерінің мақалалар топтамасы ұсынылды. Бұнда зорлық-зомбылық мәселелеріне арнап жазылған 250-ден астам материал бар.
 
Үш томдық «Қазақ журналистикасы» кітабы жарық көрді

АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат – Алматыда «Қазақ журналистикасы» атты үш томдық жарық көрді. Оның тұсаукесер рәсімі ақпанның 11-күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Бұл кітап ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әлеуметтік маңызы бар әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы аясында шығарылып отыр. Үш томдық қазақ журналистикасының бүгінгі күнгі ең өзекті, аса маңызды мәселелеріне арналады. Авторлар құрамында Н. Омашев, Б. Жақып, А. Мархабаев, Ж. Ерман, Қ. Олжай, Т. Көпбаев, А. Бейсенқұлов, С. Медеубеков, Қ. Сақ, Қ. Тұрсын, Т. Бекниязов, К. Қамзин, Қ. Әбжанов секілді журналистика саласындағы белгілі адамдар бар.
Кітаптың бірінші томы «Қазақ баспасөзі» деп аталады. Бұнда еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі мәселелеріне арналған зерттеу еңбектер топтастырылған. Онда жаһандану дәуірінде ақпараттық қауіпсіздікті, ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап қалу жолдары, демократиялық қоғам және баспасөз бостандығы қарастырылған. Сонымен қатар қазақ баспасөзінің бүгінгі күнге дейінгі тарихы, Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мектептері, халық ауыз әдебиетіндегі публицистикалық сарындар, жанрлардың бастау-бұлақтары ғылыми тұрғыдан зерттелген.
«Қазақ теледидары» деп аталатын екінші томда жаһандану заманындағы ақпараттың еркін ағымы, оның ішінде қоғамдық пікір қалыптастырудағы ықпалы мен пәрменділігі жағынан теңдесі жоқ теледидардың зор мүмкіндіктері туралы келелі мәселелер қарастырылған. Қазақ телевизиясының жаңа технологиялар ағымына ілесуі мен әлемдік ақпарат кеңістігіндегі өзінің лайықты орнын иеленуі ғылыми тұрғыдан сарапталады. Әр жылдардағы қазақ теледидарының басшылары, олардың телеөнерді дамытудағы тың жаңалықтары зерттеу нысанына айналған. Сонымен қатар телевизияның қалыптасу, даму кезеңдері, онда қызмет еткен тележурналистер мен дикторлардың, режиссерлердің шығармашылық мектептері сөз болады.
Үш томдықтың «Қазақ радиосы» деген үшінші кітабында ақпарат таратудың ең ежелгі әрі жедел құралы – радионың өзіндік ерекшеліктері мен кең мүмкіндіктері қарастырылған. Қазақ даласына таралған алғашқы хабардан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы, теориясы мен тәжірибесі зерттеу объектісіне айналған. Ой мен сезімге әсер етуге бағытталған радиохабарлардың жасалу технологиясы, тікелей эфир табиғаты, журналистің сөйлеу мәдениеті секілді бүгінгі күннің қажетті тақырыптары қозғалады. Сонымен қатар шетелдегі қазақ хабарларының тарихи кезеңдері баяндалған.

 
<< Başlat < Önceki 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Sonraki > Son >>

Sayfa 10 > 16
  TKA 2008